Алматы қаласы «№29 қалалық емхана»
Алматы қаласы «№29 қалалық емхана»

Пікірлер

Пікірлер

Науқастар мен олардың отбасыларының аурудың қиындықтарына қарсы тұруы, емделу кезіндегі батылдығы және жазылу жолындағы жеңістері туралы шынайы әрі тебіреністі оқиғаларды зерттеңіз.

Хажгали Даметкен

Хажгали Даметкен №29 қалалық емханада тіркеудемін. Жүктілігіме байланысты дәрігер-гинеколог Тлеукеева Жанар Бақытжанқызы мен акушер Джанибекова Марал Махсетовнада тұрақты қараудамын. Қаралу барысында медицина қызметкерлерінің өз жұмыстарына деген жауапкершілігі мен адамдарға деген жылы қарым-қатынастары мені ерекше қуандырды. Ол кісілердің жұмыстарына тек табыс тілеймін және өзімнің ерекше ықыласым мен ілтипатымды білдіремін! Келе жатқан Халықаралық Әйелдер Күнімен құттықтаймын! 03.03.2017ж.

Мен, Құттыбаева Жаныл

дәрігер-гинеколог Тлеукеева Жанар Бақытжанқызына, акушер Джанибекова Марал Махсетовнаға өз алғысымды айтамын. Ең алдымен денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, жұмыстарыңызға табыс, әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпеуін тілеймін! Биік шыңдардан көріне беріңіздер! Сіздердің жұмыстарыңызға өте ризамын! 17.01.2017ж.

Касымова Айнур Есбергеновна

выражаю свою благодарность своим врачам — гинекологу Тлеукеевой Жанар Бахытжановне и акушерке Джанибековой Марал Махсетовне за их высококвалифицированную работу, понимание и внимательное отношение к своим пациентам! За период беременности мои врачи несколько раз приходили домой, проявляли искреннее внимание к моему здоровью, очень чутко и ответственно подходили к осмотру! В прекрасный1 женский праздник 8 марта хотелось бы пожелать им здоровья, счастья, благополучия в семье, продвижения в карьере! Также желаю чтобы в их жизни все было прекрасно, чтобы улыбка не покидала их лиц и работа не приносила никаких огорчений! Спасибо Вам большое за ваш неоценимый труд!!! 03.03.2017г.

Малшыбекова Жанылчан

осы Алғабас-6ықшам ауданы тұрғынымын. Үйде жығылып қалып, аяғымды жарақаттап алдым. Осы емхананың травмотологі мені физио емдеуге жіберіп, физио дәрігер К.Б. Жаканова мені хирург Т.К. Саекеевке көрсетіп, ол кісі сол мезетте маған ота жасады. Осы дәрігер К.Б. Жаканованың өз жұмысына деген адалдығы мен білімділігінің, сондай-ақ уақытылы көмек көрсеткендігінің арқасында аяғым қазір жақсы болды. Дәрігер — физиотерапевт К. Жаканова мен Хирургия бөлімінің меңгерушісі Т.К. Саекеевке аналық алғысымды айтамын. № 29 емхананың Басшылығына алғысымды ескере отырып, осы кісілерге 1 наурыз, 23 ақпан күндері құттықтау қағазын марапаттауларыңызды сұраймын! Сіздерге көп рахмет! 27.01.2017ж.

Адильбаева Г.И.

29.12.2016 күні ұлымды тіс дәрігеріне алып келдім. Тіс дәрігері Қайрат Мәмен ұлы және медбике өте сыпайы жауап беріп, тіркелу журналында жоқ болсақ та кезексіз қабылдап, жөндейтін тісті жөндеп берді. Ешқандай дауысын шығартпай, ауыртпай емдеп бергеніне алғысым шексіз. Өте сыпайы кісілер екен. Сіздерден өтінерім, осы кісілердің жұмысы алға басуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, жаңа жыл қарсаңында премия беріп, мадақтап қойсаңыздар! Өйткені Абишев Қайрат бұған лайық! Сіздерге көп рахмет, Жаңа Жылдарыңызбен! Г.И. Адильбаева, 29.12.2016

Култай апа

осы 29 емхананың тіс дәрігері Қайрат Маменұлына және де жанындағы медбике Замира Токтарбековнаға шын көңілден алғыс айтам. Бұл кісілер өз ісінің нағыз кәсіби мамандары. Алдына барсам болды, мейірімін төге қарап, емдеп, ақыл-кеңесін беріп тұрады. Қайрат ұлыма және Замира қызыма мықты денсаулық, еңбекте табыс, төзімділік пен күш-қайрат тілеймін.