Алғашқы медициналық-санитарлық көмек кез-келген елде медицинаның негізі болып табылады. Өздеріңізге белгілі, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтарға медициналық қызметтер екі пакет бойынша көрсетіледі:
1.ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі);
2.МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру).
Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлеміне алғашқы медициналық-санитарлық көмек кіреді (МСАК). Бұл тегін медицина шеңберінде елдің барлық азаматтары үшін (соның ішінде оралмандар мен Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үшін) тегін және қол жетімді болып қалады.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек — бұл тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін және учаскелік дәрігер, мейірбике, психолог немесе әлеуметтік қызметкермен көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер кешенін қамтитын медициналық көмек. БМСК деңгейінде қызмет алу үшін әр азамат міндетті түрде тұрғылықты жері бойынша емханаға (мемлекеттік немесе жеке) тіркеліп, өзінің учаскелік дәрігерін білуі керек.
МСАК нені қамтиды?
ТМККК шеңберіндегі алғашқы көмек денсаулық мәселелерін тез әрі тиімді шешуге арналған, өйткені ол:
- Алдын-алу және оңалту;
- Диагностика мен емдеу;
- Динамикалық бақылау;
- Медициналық оңалту;
- Паллиативті көмек қызметі;
- Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын бере отырып, уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама.
МСАК құрамына қандай мамандар кіреді?
Учаскелік дәрігерлер, мейірбикелер, фельдшерлер;
Учаскелік акушер-гинеколог және акушер;
Әлеуметтік қызметкерлер;
Психологтар.
Сонымен қатар, емханаға тіркелген (және тіркелмеген) барлық пациенттерге МСАК екі жағдайда: шұғыл және жоспарлы түрде көрсетілетінін есте сақтап жүру керек.
Шұғыл медициналық көмек тіркелу мен МӘМС жүйесіне қатысу-қатыспау фактілеріне қарамастан көрсетіледі.
Жоспарлы тексерулер тіркелген жеріндегі емханада, алдын ала жазылу немесе жүгіну бойынша, МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесіне қарамастан жүргізіледі.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№29 қалалық емхана» мемлекеттiк коммуналдық
кәсiпорнында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтер
| 1. Мамандар қабылдауы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
